11 маусым 2026 0 1 2 3 4 5 Ертегі "Жеті лақ" Балабақшамызда балаларға арналған «Жеті лақ» ертегісі сахналанды.Ертегі барысында тәрбиеленушілер кейіпкерлердің рөлін сомдап, олардың іс-әрекеттері арқылы мейірімділік, сақтық, ұйымшылдық және ата-ананың ақылын тыңдаудың маңызын түсінді. Сахналық қойылым балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, есте сақтау қабілетін дамытып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.Ертегілер – баланың қиялын дамытып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіретін баға жетпес тәрбие құралы. Осындай тағылымды қойылымдар арқылы бүлдіршіндер жақсылық пен жамандықты ажыратып, достық пен қамқорлықтың қадірін ұғынады. Ертегі әлеміне саяхат – бала жүрегіне ізгілік дәнін себетін ғажайып жол!