04 маусым 2026 0 1 2 3 4 5 "Рәміздер күні" 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні 🇰🇿Бүгін – еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген құрметті дәріптейтін ерекше мереке.Балабақшамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, маңызы және олардың тәуелсіз еліміздің басты құндылықтарының бірі екендігі туралы мағлұмат алды. Балалар Әнұранды орындап, Ту мен Елтаңбаға құрмет көрсетіп, туған еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін білдірді.