26 маусым 2026 0 1 2 3 4 5 "Түстер әлемі" Бүгін балабақшамызда ерекше көңіл күй сыйлаған «Түстер әлемі» атты жарқын күн өтті!Әр топ өзіне берілген түске сай киініп, бірлік пен шығармашылықтың әсем үлгісін көрсетті. Түрлі-түсті киімдер балабақшамызды шаттыққа бөлеп, бүлдіршіндердің жүзінен қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй байқалды.Түстер – тек әсемдік қана емес, олар баланың қиялын дамытып, эмоциясын білдіруге, қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Осындай қызықты іс-шаралар арқылы балалардың шығармашылық қабілеті артып, достық пен ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.