"Әз-Наурыз"
Әз-Наурыз – қазақ халқының ең үлкен әрі қуанышты мерекелерінің бірі. Бұл мереке көктемнің келуін, табиғаттың оянуын білдіреді. Наурыз күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтып, амандасады, қонаққа барады. Дастарқанға дәмді тағамдар қойылып, Наурыз көже дайындалады. Адамдар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнайды.